jasqazaq.kz

Қырғыздың «Баткен» фильмі әскер туралы жалған ақпаратқа негіз болуда

29 қыркүйек, 13:33

Әлеуметтік желілерде анонимді аккаунттар Қарулы күштерге қатысты кадрларды шынайы оқиғалар ретінде көрсетіп, тарата бастады.
Бұл ақпаратты Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы өткен жылдың қыркүйегінде жалған ақпаратты теріске шығарған болатын.
Атап айтқанда, Threads әлеуметтік желісінің пайдаланушылары «Қырғызфильм» киностудиясының «Баткен» көркем фильмінен алынған үзінділерді шынайы кадрлар ретінде жаппай жариялауда.
Бұл ретте бейнематериалдарға эмоционалды сипаттағы пікірлер мен деструктивті үндеулер қосылып, олардың таралуы пайдаланушыларды жаңылыстырып, әлеуметтік шиеленістің артуына ықпал етуі мүмкін.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы пайдаланушыларды осындай ақпараттық манипуляциялардың таралу құралына айналмауға шақырады.
Жалған және көрінеу жалған ақпаратты тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске салады.
Фактілерді тексеріп, қоғамдық пікірді манипуляциялауға жол бермеу керек.

JQ-Aqparat
Сурет: JAQ.OrtCom.kz

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)