jasqazaq.kz

Құндылықтар, этика және болашақ – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын айқындады

16 қыркүйек, 16:22

Вице-Президент Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын атап көрсетті.
Бірінші – конституциялық құндылықтар. Бұлар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларының стратегиялық бағытының негізін құрайды. Бұл – Заң және Тәртіптің үстемдігі, жалпыұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім, мәдениет және білім, ғылым және инновациялар, еңбекқорлық және прогресс құндылықтары, қоршаған ортаға қамқорлық, жауапты әрі жасампаз патриотизм.
Салалық органдар Президенттің «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлығын және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын тыңғылықты түрде іске асыруға баса назар аударуға тиіс.
Ата Заңның негізгі ережелерін түсіндіріп, конституциялық құндылықтарды дәріптеуге қатысты жүйелі сараптамалық-әдістемелік, ақпараттық және мәдени-ағартушылық жұмыстар жүргізу қажет.

Екінші – жаңа қоғамдық этика. Бұл қоғамда прогрессивті нормалар мен мінез-құлық үлгілерін орнықтыруды, өзіндік құндылықтар негізін нығайтуды, қоғамдық өмірді кері тартуға және тарихи фактілерді бұрмалауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруды білдіреді.
«Заң және Тәртіп» қағидатын практикалық тұрғыда іске асыруға, «Таза Қазақстан» жобасын сапалы жүргізуге және «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылуға тиіс. Жұмыстың жаңа тәсілдері мен форматтары қажет. Атап айтқанда, бірыңғай цифрлық платформа құру, ұлттық тазалық стандарты мен өңірлердің тазалық рейтингін енгізу арқылы Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын кең ауқымда іске асыру керек.

Үшінші – болашаққа ұмтылыс. Бұл – ғылым мен білім, инновациялар мен технологиялар, мәдениет пен ағартушылық арқылы адам капиталын дамытуға баса мән беру. Тұжырымдамалық бағыт Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген стратегиялық құжаттарда айқындалған. Бұл – ең алдымен «Қазақстан балалары», «Оқитын ұлт», «Digital Qazaqstan» және басқалары. Негізгі мақсат – болашаққа сеніммен қарайтын күшті мемлекет пен прогрессивті қоғам құру.

Осылайша, үш басымдықтың барлығы біз қандай қоғам құрып жатырмыз және қандай елде өмір сүреміз деген басты сұрақтарға жауап береді. Бұл үшін жасампаз күн тәртібі мен конституциялық құндылықтарды ұстануымыз керек. 

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды