jasqazaq.kz

«Құлагер» кітапханасында Республика күніне арналған патриоттық сағат өтті

27 қазан, 14:50

25 қазан – Республика күніне орай Алматы қаласындағы «Құлагер» кітапханасында «Тәуелсіз елдің тұғыры – Республика» атты патриоттық сағат ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және тәуелсіздіктің тарихи маңызын тереңінен ұғындыру.

Тағылымды кездесуге ақын, сазгер, «Қос күрең» кітабының авторы Жанболат Құрман арнайы қонақ ретінде қатысты. Кездесу барысында қаламгер өзінің шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, Отанға деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадір-қасиеті жөніндегі ой-толғамдарымен бөлісті. Сондай-ақ патриоттық поэзия мен ән өнерінің жас ұрпақтың рухани тәрбиесіндегі орнына тоқталып, ұлттық рухты нығайтудағы әдебиет пен өнердің маңызын атап өтті.

Іс-шараның көркемдік мазмұнын Жетісу ауданындағы №9 Оқушылар үйінің жас өнерпаздары толықтырды. Олар патриоттық тақырыптағы өлеңдерін оқып, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар Савельева Милиссента «Қазақстан» әнін орындап, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Азаматтық авиация академиясының студенттері де кездесуге қатысып, мерекелік басқосудың мазмұнын байыта түсті.

Патриоттық сағат барысында Республика күнінің ел тарихындағы орны, мемлекеттілікті нығайтудағы маңызы және тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін жас ұрпақтың жауапкершілігі кеңінен дәріптелді. Осындай рухани-танымдық іс-шаралар жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және туған елге деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

«Құлагер» кітапханасында өткен мерекелік кездесу елдік пен бірлікті, отансүйгіштік пен ұлттық рухты ұлықтаған тағылымды шара ретінде өз мәресіне жетті.

Еліміздің егемендігі баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!

Бүгін, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі