Қош бол, қазақ журналистикасының қайраткері! (видео)

18 мамыр 2020, 21:15

Жазмыштан озмыш жоқ. Ұзаққа созылған сырқатынан соң әріптесіміз, танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден озды. Қаралы хабар көпті есеңгіретті. Саналы ғұмырын журналистикаға арнаған азаматтың орны ойсырап қалды. 49 жасында бақилық болған Бейсен Құранбекпен қоштасу рәсімі ертең Талдықорған қаласында өтеді.

«Білу – бөлек, түсіну – басқа». Бұл Бейсен Құранбектің әлеуметтік желіде былтыр желтоқсанның тоғызында жариялаған соңғы жазбасы. Ниет, тілек, батаның күші. Денсаулықтың қадірі мен сыйластықты ол өмірдің басты мәніне балайды. Жылдан астам ауруымен арпалысқан азамат қасиетті Рамазан айында о дүниеге аттанды.

Жанарбек Әшімжан, «Ана тілі» газетінің бас редакторы:

— Жақында өзінің жатқан ауруханасына барып, жанында болдық. Мен мұндай қайсар адамды көрмедім, шынын айтқанда. Аурудың беті белгілі болғанына қармастан, соншалықты жігерленіп, «осы Құдай қаласа, ауруханадан шыққаннан кейін» деп, жоба-жоспарларын айтты. Әзілдерге бұрды. Күрескер, қайраткер, қайсар, өмірде де сондай азамат болды ғой.

— Кейбір адамдардың ішкі күш қуаты, өмірге деген құштарлығы, тапжылмас табандылығы мен мойымас ерік-жігері таң қалдырады.

Өзі тізген бұл қасиеттердің бәрі де Бейсенде бар еді. Еңбек жолын «Спорт» газетінде бастаған жас тілшінің бала арманы, бірақ, басқа болған.

— Мен журналист боламын деп ойлағаным жоқ, армандағам да жоқ. Футболшы болуды армандағанмын. Қазақстанның құрамасын футболдан әлемнің чемпионы қылуды армандадым, кішкентай күнімнен.

Ала доппен аламанда топ жармағанмен, ақпарат майданында дара шықты. Республикалық арналарда біраз жыл тілші болды. Жалпақ жұртқа әлеуметтік ток-шоу арқылы танылды. Сүрінгенді демеп, жылағанды жұбатып, түңілгенге үміт шуағын сыйлау арқылы ол көптің сүйікті ұлына айналды. Оған қоса, өзі туған өлкесіндегі «Жетісу» телеарнасын басқарды. Журналистикада тыңнан түрең салған Бейсен Құранбектің өмір жолы бүгінгі, һәм кейінгі буынға өнеге.

Гүлжанат Мақұлжанова, Жетісу телеарнасының бас редакторы:

— Амал қанша, ғұмыры қысқа болды. Отандық журналистикада өзінің ізін қалдырды. Ісін қалдырды. Шәкірттері барда, халқына жасаған еңбегі барда, ол ешқашан өлмейді. Бүгіннен бастап Бейсекеңнің екінші өмірі басталды. Қош, Бейсеке!

— Мықты журналистің, жақсы журналистің ерекшелігі сол – атмосфераны берумен бірге, проблемасын, мысалы, жылап келген адамның сол проблеманы берумен бірге, олармен бірге жыламай, олармен бірге сары уайымға салынып кетпей, содан адамдарға үміт сыйлау білуде. Адамдарға сенім сыйлау білуде. Адамдарға тунельдің ар жағынан – жарықты көрсете білуде деп ойлаймын.

49 жасына қарағанда көз жұмған азаматтың қазасы көптің қабырғасын қайыстырды. Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салуға байланысты облыстық комиссия құрылды. Қоштасу рәсімі ертең Талдықорғанда өтеді.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

— Аққан жұлдыздай болды. Аққан жұлдыздай ұшты да, кетті. Артында көп іс қалдырды. Жақсы іс қалдырды. Жолдастарының арасында, елдің арасында.

— Күнтізбенің беті күн сайын ауысады. Күн сайын дүние қырық құбылады. Біреу қуанады, біреу мұңаяды. Біреу сүйінеді, біреу күйінеді.

Күнтізбенің дәл бүгінгі беті көпті күйіндірді. Қатерлі ісікке осынша уақыт қарсы тұрғанмен, ауру ақыры алмай қоймады. Кішіге – ақылшы аға, үлкенге – ізетті іні болған Бейсен Құранбек бір атаның емес, бар қазақтың баласы бола білді.

— Қуаныштан күліп, ойым бір шалқып билемек

Кеттім мен сосын күнәсіз арман сүйрелеп.

Қара шашты ақын болып тұр екем,

Қабырғадағы айнаны көрсем үйге кеп.

Ақын боп кеттім, ақын боп кеттім, обал не?

Болмаймын ба, жоқ әлде?!..

ktk.kz

Бүгін, 11:30
Әлішер Сатыбалдиев: Индустриалды аймақ Алматы экономикасына серпін береді
27 наурыз, 16:38
Ұсақ-түйек емес: шұлық өндірісіне де қолдау қажет!
27 наурыз, 12:30
Берік Солтанбаев: Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау жасалып отыр
26 ақпан, 15:10
Дархан Мыңбай: Кәсіпкерден дәметіп күнелтетін масылдар, әкімдік есігінен сығалауға машықтанған тоғышарлар бар
26 ақпан, 12:34
Қазақ баспасөзі: Сантараулы салалық журналистика
25 ақпан, 14:23
Фатима Жүнісова: Диванда жатып, «мемлекет асырасын» дейтіндер жетістікке жете алмайды
22 ақпан, 15:50
Кәдірбек Құныпияұлы: Газет санасы сарабдал, ойлы да сауатты оқырманмен бірге мәңгі жасай бермек!
21 ақпан, 16:51
Масылдық психологиядан қалай арыламыз?
21 ақпан, 14:48
Мақсұтбек Пірметов: Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр