jasqazaq.kz

ҚМА Pinco және Pin-Up интернет-казиноларын ұйымдастыруға күдіктілерге іздеу жариялады

04 қараша, 9:54

Қаржылық мониторинг агенттігі 1985 жылы 8 ақпан күні туған Ресей Федерациясының азаматы Дмитрий Пунин мен 1989 жылы 11 ақпан күні туған Украина азаматшасы Марина Ильинаға іздеу жариялады. Олар қазақстандық қолданушыларға бағытталған Pinco және Pin-Up интернет-казиноларының заңсыз қызметін ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу дерегінше, бұл схеманы іске асыру үшін бақылаудағы компаниялардан, төлем ұйымдарынан және банк құралдарынан тұратын тармақталған халықаралық инфрақұрылым құрылған.

Осы жүйенің Қазақстандағы буыны PIN-UP. брендімен букмекерлік қызметке лицензия алған «Бонами» ЖШС болды. Алайда заңды букмекерлік бизнес интернет-казино қызметін жасыру үшін пайдаланылған.

Ақша ағынын қамтамасыз ету үшін сатып алынған төлем ұйымдары, ресми түрде ғана басшы саналатын адамдар және банк терминалдары желісі пайдаланылған. Оларды қосу және жұмысын жүргізу қаржы секторы өкілдерінің жәрдемімен қамтамасыз етілген.

Нәтижесінде түрлі банктер мен қаржы ұйымдарында ашылған 24 төлем терминалынан тұратын желі құрылған. Оның 14-і ақша қабылдау үшін пайдаланылған. Қаржы операцияларының көлемі 106 млрд теңгеден асқан.

Іздеу жарияланған адамдардың қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне мына телефон арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: +7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім.

Сурет: ҚМА/видеодан кадр

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар