jasqazaq.kz

ҚМА есірткі интернет-дүкенінің қаржылық операцияларын жүргізген топтың жолын кесті

Бүгін, 10:49

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті есірткі интернет-дүкенінің төлемдерін қабылдап, ақшаны криптоәмияндарға аударған қылмыстық топтың жолын кесті. Топ арқылы 400 млн теңгеден астам қаржы өткізілген, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу дерегінше, Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде ақша айырбастайтын топ құрып, оған жеті сыбайласын тартқан. Топ мүшелері міндеттерді өзара бөлісіп, күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істеген. Осылайша олар тәулік бойы төлем қабылдап, ақша аударып отырған.

Интернет-дүкен операторлары тапсырыс ақысын төлеу үшін сатып алушыларды осы айырбастау тобына бағыттаған. Төлем расталғаннан кейін оларға есірткі жасырылған орындардың координаттары жіберілген.

Айырбастау тобы күн сайын 50-ден 70-ке дейін төлем операциясын жүргізген. Ақша қабылдау үшін өзге адамдардың — дропперлердің атына ашылған 22 банк картасын пайдаланған.

Кейін түскен ақшаны криптовалютаға айырбастап, есірткі саудасын басқаратын адамдардың бақылауындағы криптоәмияндарға аударып отырған.

Аударылған ақшаның жалпы көлемі 918 мың USDT-ден асқан. Бұл 400 млн теңгеден астам сомаға тең. Қылмыстық әрекетті ұйымдастырған адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сурет: ҚМА/ Видеодан кадр

Бүгін, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу