jasqazaq.kz

ҚМА Абай облысында заңсыз алтын өндірген тоғыз адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр

10 қараша, 9:58

Абай облысында алтынды заңсыз өндіруге қатысы бар тоғыз адам анықталып, арнайы техника мен жабдықтар тәркіленді, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыстық топ Жаңғызтөбе кентінен 10 шақырым жерде тиісті рұқсатсыз алтын өндірген. Құрамында алтыны бар кенді ашық әдіспен қазып алып, арнайы жабдықтардың көмегімен шайып отырған.

Аумақты тексеру кезінде тереңдігі 15 метрлік карьер анықталды.

Заңсыз қазып алынған тау жыныстарының көлемі 12 мың текше метрден асқан. Сондай-ақ 4 мың шаршы метрден астам жердің құнарлы топырақ қабаты бүлінген.

Жедел іздестіру шаралары барысында бұл іске қатысы бар тоғыз адам анықталды.

Заңсыз кен өндірілген жерден кенді шаюға және ұсақтауға арналған жабдықтар, құрамында алтыны бар жеті қап материал, екі металл іздегіш құрал, екі тиегіш және бір экскаватор тәркіленді.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сурет: ҚМА/видеодан кадр

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді