jasqazaq.kz

Қазіргі жастардың бос уақыты: экраннан бастап хоббиге дейін

29 қыркүйек, 14:56

Бүгінгі жастардың бос уақыты бұрынғыдан мүлде өзгеше сипатқа ие болды. Оны анықтайтын басты фактор–смартфон мен әлеуметтік желілер. Рас, телефонға үңіліп, уақытын босқа өткізетін жастар да жеткілікті. Дегенмен барлығын бірдей осылай бағалау әділетсіздік болар еді, өйткені дәл осы әлеуметтік желіні өз пайдасына, тіпті табыс көзіне айналдырған жастар да аз емес.

Қазіргі трендте алдыңғы қатарда тұрған–уақытын босқа өткізетіндер емес, білімді, сауатты әрі саналы жастар. Олар әлеуметтік желіні жай ғана көңіл көтеру құралы ретінде емес, өзін дамытудың, білім алудың, тіпті кәсіп құрудың алаңы ретінде пайдалана біледі.

«Мен қарапайым екінші курс студентімін. Уақытымды үнемдеу мақсатында әлеуметтік желі арқылы ағылшын тілінен білім алып жүрмін, сонымен қатар жеке блогымды енді ғана бастап, дамытып келемін. Өзімді дамыту үшін қызығатын ораторлық курстарға да қатысамын. Осылайша уақытымды тиімді өткіземін деп ойлаймын»,–дейді бір университеттің екінші курс студенті.

Мұндай мысалдар жастар арасында жалғыз емес. Блог жүргізу, онлайн курстардан білім алу, өз өнімін немесе қызметін жарнамалау арқылы табыс тапқан студенттер саны жыл сайын артып келеді.

Спорт пен дене шынықтыру да жастар арасында кеңінен таралған бағыт. Университеттердің жанындағы фитнес-залдар, футбол және баскетбол алаңдары кешкі сағаттарда бос тұрмайды. Кейбір студенттер үшін жаттығу тек денсаулықты нығайтудың ғана емес, күнделікті стресстен арылудың да тәсілі болып саналады.

Шығармашылықпен айналысатын жастар да аз емес. Гитара үйрену, сурет салу, фото-видео түсіру–өзін-өзі көрсеткісі келетін жастардың қатары жыл сайын артып келеді.

Достармен кездесу, кафеде отыру, қала бойынша серуендеу де маңыздылығын жойған жоқ. Жеке кеңістік пен онлайн өмір қаншалықты кеңейгенімен, жанды қарым-қатынасқа деген қажеттілік әлі де жоғары деңгейде сақталуда.

Бос уақыт–жастардың өзін-өзі тану, дамуы және болашағын қалыптастыруының маңызды бір бөлігі. Ал оны қалай өткізу керектігін әркім өз саналылығына қарай айқындайды: бірі–экраннан білім іздейді, бірі–спорт алаңында дамиды, ал бірі–шығармашылықтан өз жолын табады.

Ысқали Арыс

2 курс студенті, ББ «Журналистика»

29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам