jasqazaq.kz

Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары GBI-EM (Government Bond Index – Emerging Markets) индексіне енгізу үшін J. P. Morgan бақылау тізіміне қосылды

08 қазан, 11:44

J.P. Morgan индекстік жіктемесін қайта қарау қорытындысы бойынша                           2026 жылы Қазақстанға GBI–EM дамушы нарықтар индексіне елдің мемлекеттік бағалы қағаздарын әлеуетті енгізу үшін Index Watch–Positive (бақылаудың оң тізімі) мәртебесі берілді.

12 ай ішінде халықаралық клиринг және есеп айырысу инфрақұрылымы арқылы қол жеткізу мүмкіндігін қоса алғанда, халықаралық инвесторлар үшін қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қолжетімділігі бағаланатын болады. Индекс критерийлеріне сәйкес келетін облигациялардың өтімділігі де қарастырылады.

Мәртебе беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту, нарықтық инфрақұрылымды жетілдіру және халықаралық инвесторлар үшін қазақстандық қаржы құралдарының қолжетімділігін арттыру жөніндегі бірлескен жұмысының маңызды нәтижесі болды.

Қараудың жаңа кезеңіне көшу қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын халықаралық капитал нарықтарына интеграциялаудағы прогресті растайды. Индекске әлеуетті енгізу шетелдік инвесторлар базасын кеңейтуге, өтімділікті арттыруға және қарыз алу құнын төмендетуге ықпал ететін болады.

Сурет: ҚР қаржы министрлігі

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті