jasqazaq.kz

Қазақстанда 260 адам қайыр сұрағаны үшін жауапқа тартылды

02 желтоқсан 2022, 10:38

Көліктегі ПД қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиісу фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында Көліктегі полиция департаментінің бөліністерімен тұрақты негізде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Оның сөзінше, еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында биылғы жыл басынан бері қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиіскені үшін 1652 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жеке тасымалдау қызметтерін ұсыну мақсатында тиіскені үшін – 345, заттарды сатып алу, айырбастау бойынша – 627, өзге де қызметтерді ұсынумен – 680.

«Сондай-ақ қайыр сұраумен айналысатын 260 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық жеткізілген тұлғалармен әңгімелесу жүргізіліп, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және жұмысқа орналасу үшін ақпараттар жұмыспен қамту орталықтарына берілді. 84 құқық бұзушы қабылдау-тарату орындарына, 51 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастырылды», – деді Мадияр Айтуғанов.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі, яғни қоғамдық орындарда тиісу бойынша жеке тұлғаларға ескерту не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер азамат құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған болса, онда ол 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам ұсталса, онда айыппұл мен 5 тәулікке дейін қамауға алудан басқа, ол елден тыс шығарылуы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде