jasqazaq.kz

Қазақстан Ұлттар лигасында В тобына жолдама алды

22 қыркүйек 2022, 22:12

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В лигасына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдады. Қазақстандық футболшылар үшін олар — қолайсыз қарсылас. Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген.

Оның екеуі тең нәтижемен аяқталса, қалғанында беларусьтер жеңіске жеткен еді.

Оған қоса турнир кестесінде қазақстандық футболшылар көш бастап тұрса, беларусьтік құрама небәрі екі ұпаймен төртінші орында келе жатқан болатын.

Айта кетсек, бүгін қазақстандық футболшылар жеңіске жетсе, құрамасы алдағы маусымдағы Ұлттар Лигасында В дивизионында Еуропаның алдыңғы қатарлы құрамаларымен сынға түсуге мүмкіндік алады. Оған қоса 2024 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу ойындарына қатысуына жол ашылатын.

Осындай себептерге байланысты кездесу тартысты басталды. Екі құрама алға қарай ұмтылды. Дегенмен ойынның біраз бөлігіне дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ. Кездесудің 29-минутында қазақстандық Михаил Габышев есеп ашты. Бұдан кейін де қазақстандық футболшылардың есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болды. Дегенмен оны пайдалана алған жоқ. Ал 45-минутта беларусьтік Павел Савицкий таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің 79-минутында қазақстандық Бактиёр Зайнутдинов гол соқты.

Осылайша Қазақстан қарсыласын 2:1 есебімен жеңді.

Нәтижесінде алдағы маусымда В лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Қазақстандық футболшылар жеті ойынға созылған сәтсіздіктер сериясын осылайша бұзды.

Енді Қазақстан құрамасы 25 қыркүйекте сырт алаңда Әзірбайжанмен кездеседі.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты