Қазақстан — АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары

30 қыркүйек, 16:35

Қазақстан экономикасының өсіп-өркендеуінде американ компанияларының инвестициясы маңызды рөл атқарады. Соңғы 30 жылда бұл елден келген тікелей инвестиция көлемі 65 млрд доллардан асты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жазда АҚШ Сауда өкілі Кэтрин Таймен өткен кездесуде соңғы отыз жылда екі ел арасындағы экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде инвестиция бойынша ынтымақтастың дами түскенін атап өтті. Президент елімізде 600-ден астам американдық компанияның табыспен жұмыс істеп жатқанын айта келе, инвесторларға қолайлы барлық жағдай жасалып отырғанын мәлімдеді.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы инвестиция бойынша ынтымақтастың көкжиегі кеңейіп келеді. Жақында Нью-Йорк қаласында Премьер-Министрдің орынбасары — сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің белді американ компанияларының өкілдерімен жүздесуде осы саладағы байланыстарды одан дамыту мәселесінің жан-жақты талқылануы бұған айқын дәлел. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов және «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының АҚШ-тағы шетелдік өкілі Марат Бірімжан да қатысқан осы кездесуде «PepsiCo», «Google», «Mastercard», «Citi», «Visa» және «Mars» сияқты танымал компаниялармен Қазақстан экономикасының басым салаларына инвестиция тарту арқылы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жайы сөз болды.
Әлемге әйгілі «PepsiCo» компаниясының басшылығымен жүздесуде еліміздегі тамақ өнеркәсібін дамыту мен экспорт әлеуетін арттыру жайы талқыланды. Айта кеткен жөн, аталған компания Алматы облысындағы Алатау қаласында тұзды снек (картоп чипсы) шығаратын кәсіпорын салмақшы. Осы жобаға құйылатын инвестицияның көлемі — 160 млн доллар. Зауыт қуаты артқанда оның мөлшері тағы 200 млн долларға дейін ұлғаяды. Жобаның тиімділігі мынада: 350 адамды тұрақты жұмыспен, отандық картоп өсірушілерді сұраныспен ұдайы қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, кәсіпорын тағамның бұл түрін Орталық Азия елдеріне де жөнелтеді.
Еліміздің нарығына 90-жылдардың ортасына таман келген «Citi» компаниясының өкілдерімен кездесуде қаржы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мәселесі сөз болды. Мұрат Нұртілеу компанияның Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, шетелдік инвестиция тарту саласындағы өзара ықпалдастықтың маңызы зор екенін атап өтті. Осы орайда, «СитибанкҚазақстан» еліміздегі инфрақұрылым сияқты бірқатар саладағы жобаларды қаржыландырып отырғанын атап өткен жөн.
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, осы сапар аясында Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Cove Capital» компаниясының иесі Пини Алтхауспен келіссөз жүргізді. Әңгіме сирек кездесетін металдарды өңдеу үшін инфрақұрылымын дамыту төңірегінде өрбіді. Қазір Шығыс Қазақстан облысында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан компания елімізде сирек кездесетін металдарды өңдеуідің барлық сатысын қамтамасыз ететін тау-кен комбинатын салуды жоспарлап отыр.
АҚШ компанияларымен инвестиция саласындағы сенімді ынтымақтастық еліміздің әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттігін арттырып, ең бастысы, отандық экономиканы әртараптандыруға (диверсификация) жол ашады.
Талап Тілеген

Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 

 

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?