jasqazaq.kz

«Қазақфильм» жер учаскесі мен кешенді сату туралы ақпараттың бәрі жалған екенін мәлімдеді

02 қараша 2024, 15:59

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы соңғы күндері Рысқұлов даңғылы, 101Б мекенжайында орналасқан жер учаскесі мен бұрынғы «Қазкино» кешенін сату туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Киностудияның Фейсбук парақшасында: «Қазіргі уақытта учаске мен ғимарат киностудияның меншігінде және сатуға шығарылмайды.

Аталған учаскеде авариялық жағдайда тұрған ғимарат анықталды. Бұл киностудия мамандарының бірнеше рет жүргізген тексерулерінде расталды. Аумақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында «Қазақфильм» Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерін тарта отырып, кешенді сараптама жүргізуді бастады. Сарапшылардың қорытындысы бойынша осы ғимаратты қауіпсіз пайдалану үшін қажетті шешімдер қабылданады. Жер учаскесі мен кешенді сату туралы барлық ақпарат жалған. Бұл жалған ақпарат әрі қарай таралған жағдайда сотқа жүгінуге құқығымыз бар.

«Қазақфильм» киностудиясының аумағындағы өткізу режимінің қатаңдатылуы туралы хабарламалар да шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы өткізу жүйесі қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және киностудия мүлкін қорғауға арналған. Мұндай шаралар әлемдегі барлық киностудияларда қалыпты тәжірибе болып саналады және ұрлық, өртеу және басқа да оқиғалардың алдын алу үшін қажет. Жақында енгізілген қауіпсіздік шаралары студия аумағында болған өрт пен қызметкерлерге жасалған шабуыл сияқты оқиғаларға жауап ретінде жасалып, студияда жұмыс істейтіндердің барлығын қорғауға бағытталған.

Сонымен қатар, киножобаларды қаржыландыру туралы ақпаратты түсіндіруді жөн көрдік. 2023 жылы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 18 жобаны өндіріске жіберіп, олардың 10-ын 70%-дан астам қаржыландырылды. Оның ішінде екі жоба 100% қаржыландырылды. Ал, қалған сегіз жоба 50%-дан төмен қаржыландыру алды, алайда олардың бірқатарына аралық төлемдер жасалды. Кейбір жобаларды қаржыландырудың кешігуі Қазынашылық комитеттің кеш қаржы бөлуімен байланысты. Сонымен қатар, кешіктірілу есептердің уақытылы тапсырылмауымен де байланысты, бұл келесі транштарды алу үшін қажетті шарт.

«Қазақфильм» киностудиясы жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салады. Біз ақпарат беруде дәлдікті сақтауға шақырамыз және беделімізді қорғау, жалған мәлімет таратқандарды жауапқа тарту үшін тиісті органдарға жүгінуге құқылымыз», — деп жазылған.

JQ-Aqparat

Сурет: sputnik.kz 

 

 

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды