jasqazaq.kz

Кеден бекетінен былық шықты

04 қараша 2016, 11:22

Бұл жолы Шығыс Қазақстандағы «Бақты» бекетіне қатысты лауазымды тұлғалар ұсталды.

keden

Бас прокуратура өкілдерінің айтуынша, әшкереленген қылмыстық топтың 2 мүшесі — кеден қызметінің бұрынғы бөлім басшылары екен. Компанияның қызметкерімен біріккен кеденшілер Қытайдан Ресейге қарай халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен өткізіпті. Заңсыз жолмен тасымалданған өнімдердің жалпы құны 2 миллиард 600 миллион теңгеден асқан. Айта кетерлігі, осынша ірі көлемді қаржымен байланысты қылмысты 1 жыл ішінде жүзеге асырып үлгіріпті.

«Олар өздерінің қитұрқы әрекеттерін 2014 жылғы маусымнан бастап, желтоқсанға дейінгі кезең аралығында іске асырып келген. Қазіргі күні күдіктілер Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұйымдасқан топ мүшелеріне қатысты дәлелдемелер жиналды»,- деді ҚР Бас прокуратурасы аппараты жетекшісінің орынбасары Нұрділдә Ораз

caravan.kz

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл