jasqazaq.kz

Каспийде 9 әскери қызметші қаза тапты (Видео)

24 қыркүйек, 14:32

Каспий теңізінен қаралы хабар келді. Маңғыстау облысы аумағында өтіп жатқан әскери жаттығу кезінде сарбаздар суға батып кетті.
jasqazaq.kz порталы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Әскери-теңіз күштерінің теңіз жағалауындағы жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, ұйытқыған жел 19 сарбазды теңізге қарай алып кеткен. Олардың үшеуі құтқарылды. Өкінішке қарай, 9 ә кери қызметші ажал құшты.
Төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған комиссия шұғыл түрде оқиға орнына аттанды.
Бас прокуратура Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында ішкі істер министрлігінің, төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізуде.
Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.

JQ-Aqparat
Сурет: қорғаныс министрлігі

Видео: Lada.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі