jasqazaq.kz

Кәсіпкерлікті қолдаудың көкжиегі

29 қараша 2022, 14:05


Астана қаласында кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөнінде нақты жұмыстар жүзеге асырылуда. Мысалы, жыл сайын шағын және орта бизнес өкілдері үшін арнуалы гранттар бөлініп келеді. Былтыр бір топ кәсіпкерлер бизнес-жоспарларын жария етіп, оны алқалы топтың алдында қорғап, өздерінің жеке кәсіптерін дөңгелетуге мүмкіндік алды.

Әкімдіктің 2022 жылғы 1 қазанындағы мәлімет бойынша, қалада 220,2 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген екен. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,5 пайызға өсіпті. Жыл басынан бері кәсіпкерлік бағытында жұмыспен қамтылған адам саны 444,3 мыңға жеткен. Елорда экономикасындағы кәсіпкерліктің жалпы үлесі 72 пайызды құрайды.

Жоғарыда сөз болған грантты ұтып алған бірнеше кәсіпкерлермен хабарласып, солардың ой-пікірін тыңдаған едік. Мысалы, Шынар Қазиеваның «Бидай Фуд» шағын наубайханасын ашқанына екі жыл болыпты. Бүгінгі таңда наубайханада өзімен қоса бес адам жұмыс істеп, отызға тарта нан өнімдерін шығарады. «Осының бәрі мемлекеттің қамқорлығының арқасында», — дейді Ш.Қазиева.

Ақмарал Иманалиева болса, ерекше жандарға арнап аксессуарлар шығарады. Бұл — мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалуына, жүріп-тұруына көмектесетін құрал-жабдықтар. Әзірге жұбайы өз қолымен олардың механикалық түрлерін жасайды. Енді болашақта жетілдірілген, электрмен қозғалатын нұсқаларын жасау үшін қосымша қаражат қажет екен. Одан бөлек, өнімнің сапасын растайтын сертификат керек. Қазір олар осы бағытта қаракет жасап жатқан көрінеді.
Ал Татьяна Кұснитдинова – ерекше балаларға арналған бейімдеу-дамыту орталығының басшысы. Бастапқыда орталық көлемі жүз шаршы метрлік шағын бөлмеде орналасыпты. Қазір оның көлемі екі есеге ұлғайып, орталықта тоғыз педегог жұмыс істеп жатыр. Татьянаның өзі де осы саладағы білікті маман. Сонда да бір орнында тоқтап қалмай, әрмен қарай өзін жетілдіру үшін Мәскеу академиясында нейропсихолог мамандығы бойынша оқып жатыр.

Мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың нәтижесінде аталған орталық қана емес, қаладағы басқа да шағын және орта бизнес өкілдері айтарлықтай табыстарға жетіп отыр.

Тағы да бірнеше деректер келтіре кетейік. Астана қаласы бойынша 4 жыл ішінде қолдау тапқан кәсіпкерлер жобасының саны 4 есеге артқан. Егер 2019 жылы 172 кәсіпкерге қолдау көрсетілсе, 2022 жылы (1 қазанға дейінгі дерек) 716 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген.
Бүгінде Астана миллионнан астам тұрғыны бар үлкен мегаполиске айналды. Сұраныстың артуына қарай, қалада жылына түрлі салада 10-15 мыңға жуық кәсіпорын ашылады. Жалпы Астанада 185 мың кәсіпорын болса, оның басым бөлігі жеке кәсіпкерліктің еншісінде.
Бір сөзбен айтқанда, Астана қаласында кәсіпкерлікті қолдаудың көкжиегі кеңея бермек.

Абзал Ибрагим,
Астана

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет