jasqazaq.kz

Көктайғақта құлап жатыр

08 қараша 2016, 22:13

auru

Петропавлда көктайғақтың кесірінен тұрғындар жаппай жарақат алуда. Соңғы бір аптада 300-ге жуық адам аяқ-қолы сынып, ауруханаға түскен. Бұның себебін дәрігерлер асығыс жүргеннен десе, зардап шегушілер мұз үстіне құм сеппеген әкімдікке ашулы.

Петропавлға көзіне ота жасатуға ауылдан келген Валентина Лотц көшеде құлап, қолын сындырып алыпты. Бір аурудың үстіне тағы бірін жамап алған ол көктайғақтан зардап шеккендердің бірі ғана. Петропавл қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне күніне 60-80 адам түрлі сынықтармен түседі екен.

Валерий Грибашов, Петропавл қалалық  ауруханасының травматолог-дәрігері:

 —Жарақат алғандардың  дені  әлденеге сыққандар. Тез жүремін, не жүгіремін деп құлайды. Жұмысқа  сәл ертерек шықса болады ғой.  Соңғы  аптада ғана жарты мыңға жуық   пациентті қабылдадық, үш жүздейі көктайғақта құлағандар.

Дәрігерлердің айтуынша, күніне осында келетіндердің он пайызы  ауыр жарақаттар алғандар. Тіпті, омыртқасы мен мен жамбасын сынғандар да бар. Көшедегі жүргіншілер болса бұл жағдайға қала билігін кінәлайды.Ал қаланың коммуналшылары табиғаттың қатал мінезімен күрес жүріп жатыр дейді. Биыл мұз үстіне себу үшін 3500 текше метр тұз аралас құм дайындапты.

Ғали Әбдірешев, Петропавл қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің инспекторы:

-Таңертең төрттен бастап 13 трактор шығады. Жолды, тротуарларды тазалауға. Құм мен тұз себеміз.

Қазан айының соңындағы жылымықтан соң күрт күшейген аяздың әзір қайтар түрі жоқ. Осынау ауа-райы созылар болса көктайғақ теріскей тұрғындары үшін әлі де талай тауқымет туғызатындай.

ktk.kz

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл