jasqazaq.kz

ІІМ: Жыл басынан бері заңсыз айналымнан екі мыңнан астам қару тәркіленді

Бүгін, 11:11

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан әртүрлі қарудың екі мыңнан астам бірлігін тәркіледі. Оның ішінде қылмыстық істерге қатысы бар 184 қару және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 160 қару бар, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі браконьерлікпен және табиғи ресурстарды заңсыз алумен күресті жалғастыруда.

2026 жылдың тоғыз айында полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға қатысты 119 қылмыстық істі сотқа жолдады. Осы кезеңде заңсыз айналымнан 23 тоннадан астам балық, оның ішінде бір жарым тонна бекіре тұқымдас балық, сондай-ақ 11 келіге жуық уылдырық тәркіленді. Бұдан бөлек, 361 киік мүйізі, 29 шақырымға жуық тыйым салынған балық аулау торы және 345 аңшылық қару тәркіленді. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 13 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылдарының бірінде полиция қызметкерлері тиісті құжаттары жоқ бір тоннаға жуық балық тиеген «Газель» автокөлігін тоқтатты.

Көлік жүксалғышынан екі қайық пен қайық моторлары табылды. Қазіргі уақытта балықтың қайдан алынғаны және оны аулаудың заңдылығы анықталуда. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауылдардың бірінің маңында полиция қызметкерлері қорықшымен бірлесіп, заңсыз аң аулау дерегін анықтады. Автокөлікті тексеру барысында сібір елігінің екі ұшасы және екі аңшылық қару табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Айта кету керек, полиция қызметкерлері браконьерлерді ғана емес, заңсыз алынған табиғи ресурстарды тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен айналысатын адамдарды да анықтауда. Жануарлар дүниесін қорғау бағытындағы жұмыс жалғасуда. Ведомство қызметінің тағы бір маңызды бағыты — қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан әртүрлі қарудың екі мыңнан астам бірлігін тәркіледі. Оның ішінде қылмыстық істерге қатысы бар 184 қару және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 160 қару бар. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде. Мысалы, 20-23 қазан аралығында өткен республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында төрт күн ішінде 170-тен астам атыс қаруы және әртүрлі калибрлі 800-ден астам оқ-дәрі тәркіленді. Алматы, Шымкент қалаларында және Жетісу облысында қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған төрт қару табылып, тәркіленді.

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу