jasqazaq.kz

ІІМ: Құрамында есірткі заттары бар 28 мың дәрілік препараттың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

30 қыркүйек, 9:38

Полиция дәрілік препараттардың заңсыз айналымына қарсы операция жүргізіп, бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Операцияның кезекті кезеңі 21-25 қыркүйек аралығында өткізілді. Іс-шара барысында 1500-ден астам медициналық мекеме мен дәріхана, сондай-ақ 142 кәсіпорын тексерілді. 249 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Құрамында есірткі заттары бар 28 мың дәрілік препараттың айналымы шектелді. Сонымен қатар химиялық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымнан заңсыз айналымға өтуіне жол бермеу шаралары қабылданып жатыр. 675 тонна түрлі прекурсордың айналымы шектеліп, 90 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Петропавлда жүзуден жаттықтырушы ұсталып, одан құрамында күшті әсер ететін заттар бар 56 таблетка тәркіленді. Түркістандағы дәріхана

лардың бірінде күшті әсер ететін заттарды лицензиясыз сату фактісі анықталып, 5 мыңнан астам таблетка тәркіленді. Оралда лицензиялау талаптарын бұзғаны үшін 500 тонна тұз қышқылының айналымы шектелді.

ІІМ денсаулық сақтау және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, дәрілік заттардың заңсыз айналымының алдын алуға және азаматтардың, әсіресе жастардың оларды медициналық емес мақсатта тұтынуына жол бермеуге бағытталған жұмысты жалғастырады.

Сурет:Polisia.kz/видеодан кадр

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі