
Бір айдың ішінде полиция қызметкерлері республика бойынша 15 мыңға жуық граффитиді жойды. 6 597 әкімшілік іс қозғалып, алты дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның төртеуі есірткі жарнамасына, екеуі вандализмге қатысты.
Сонымен қатар тұрғындар арасында 18 мыңнан астам түсіндіру жұмысы жүргізіліп, еріктілердің қатысуымен 16 мыңнан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл — өз ауласының тазалығына бейжай қарамайтын, көшесінің қауіпсіз болғанын қалайтын адамдардың ортақ іске қосқан үлесі. Көшенің тазалығы мен қауіпсіздігі тек полицияның жұмысына байланысты емес.
Ол әрқайсымыздың ортақ мүлкімізге деген көзқарасымыздан, айналамызға деген жауапкершілігімізден басталады. Егер қабырғадан есірткі жарнамасын байқасаңыз немесе біреудің қоғамдық мүлікті бүлдіріп жатқанын көрсеңіз, «102» нөміріне не полицияның ресми аккаунттарына хабарлаңыз. Таза көше — ортақ жауапкершілік. Қауіпсіз орта — бірлескен еңбектің нәтижесі.