jasqazaq.kz

Халық жаңаруға, жаңғыруға дайын

12 сәуiр 2017, 22:05

Бүгін Қарағанды облыстық әкімдігінде Мемлекет басшысының ХХІ ғасырдағы халқымыздың ұлттық санасына арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша облыс активінің мәжілісі өтті.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Қазақстанның қазірдің өзінде экономикалық модернизация жолында тұрғанын, алайда осы реформалардың рухани құрамысыз мазмұны болмайтынын атап өтті.

 

– 2025 жылдан бастап Қазақстан латын әліпбиіне көшеді. Президентіміздің осы шешімінің біздің еліміздің әлемдік процеске кірігуін жылдамдата түсетініне сенімдімін. Ол ол ма, әлемдік жетекші жоғары оқу орындарының оқулықтарына енгізілген әлемдік тәжірибенің ең таңдаулылары қазақ тілінде мазмұндалатын болады. Ал біздің халқымыздың бай рухани мұрасы қазіргі өзгермелі әлемнің шындығын есепке ала отырып қайта бағаланады.Бүл реформаларға ең алдыменбіздің мектептеріміз бен жоғары оқу орындарымыз дайын болуы керек, – деді мәжілісте өңір басшысы.

Сондай-ақ ол табысты мелекеттің ең алдымен табысты адам екендігін атап өтіп, «Қазақстанның жаңа жүз есімі» арасында қарағандылықтардың да аз болмайтынына сенім білдірді.

Алқалы жиынға ардагерлер, депутаттар, мемлекеттік органдар жетекшілері, шығармашылық интеллигенция, бизнес,мемлекеттік емес ұйымдар, саяси партиялар, БАҚ өкілдері қатысты.

– Бүгінде біздер әлемнің бәсекеге қабылетті 50 елдің қатарына кіріп отырмыз.Қазақстанның қуатты экономикасы, берік іргетасы бар. Енді бізді рухани жаңарулар күтіп түр. Халық осы мақаланы күткен еді, халық жаңаруға дайын, – деді Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды бөлімшесінің төрағасы, белгілі ақын Серік Ақсұңқарүлы.

Облыстық шешен-ингуш этномәдени  «Вайнах» бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халықтары Ассамблеясы Қарағанды облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Увайс Джанаев өз сөзінде былай деп атап өтті:

– Мемлекет Басшысының мақаласы басты бағыттарымызды анықтап берді:қалыптасқан дәстүрлеріміз бен рухани бағалықтарымызды сақтай отырып қазақ халқының тілін, туған мәдениетін дамыту. Өйткені қазақтың рухани мәдениеті – бұл қуатты идеология. Нақ соның қайта жаңғыруы біздің біртектілігімізді, біздің бірлігімізді сақтауға көмектеседі, діни экстремизмді, сепаратизмді, әлем революциясының жаңа формаларын ауыздықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ мәжілісте облыстық мәслихаттың депутаты Айман Түкбай, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің саясат және әлеуметтіктану кафедрасының жетекшісі, саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Дастан Көшербаев, Қарағанды облыстық жастар реурстық орталығының ақпаратпен және әлеуметтік технологиялармен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Ерғүлан Хамитов сөз сөйледі.

Кездесу соңында облыс әкімі Ерлан Қошанов жақын маңда осынау маңызды бағдарламалық құжаттың мәнін облыстың әрбір тұрғынына жеткізуді тапсырды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде