jasqazaq.kz

Француз қызы қазақ тілі бойынша ғылыми еңбек жазып жүр (видео)

24 қараша 2016, 23:40

YouTube желісіндегі «Kuan 7777» арнасы Ұлыбританияның Лондон қаласында тұратын француз Надежда Кристофер туралы бейнебаянды жариялады. Докторант Н.Кристофер қазақ тілінің синтаксисіне арналған ғылыми жұмысын жазып жүр. Өзі де қазақ тілін біледі. Бүгінде ол Қазақстанға тағы барсам екен деп, армандап жүр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мен Астанада тоғыз ай тұрдым. Онда қазақ тілін үйрендім. Меніңше, қазақтар өте қонақжай, жылы, ақылды және қайырымды. Қазақтың әйелдері өте әдемі, ал қазақ жігіттерінің түсінігі мол және салмақты», — дейді ол. Докторанттың айтуынша, оған жылқы еті, әсіресе, қазақ xалқының ұлттық тағамы — қазақша ет қатты ұнап қалды. Қазақ тілін үйренуге де ол қатты қызықты. «Қазақ тілі — өте қызықты тіл. Меніңше, қазақ тілі — қиын тіл. Бірақ адам үйренгісі келсе, меңгеруге болады. Қазақ тілі — өте әдемі тіл. Маған қазақтың әдеби тілі өте қатты ұнайды», — деді Надежда.

 

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл