Ерлікті ұлықтау – Парыз

13 мамыр 2016, 16:11

13177761_553479708165912_3255525863335849533_n

Биылғы Жеңіс күнінде Талдықорғанда нөсерлетіп жаңбыр құйып тұрды. Соған қарамастан, жергілікті халық бұл күнді жы
лдағыдай атап өтті. Қала орталығындағы «Мәңгілік даңқ» монументіне гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза болған боздақтардың рухына тағзым етуден басталған мерекелік шара «Жастар» саябағында ардагерлерге құрмет көрсетумен жалғасты.

Саябақта соғыста ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батырлары Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдиновтың портреттері қойылған. Алаңда шатыр тігіліп, онда ардагерлер сұрапыл соғыстың үрейлі күндерін еске алды. Бейбіт өмірдің қадір-қасиетін түсіну керектігін айтты. Мереке күнінен бірнеше күн бұрын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов соғыс ардагерлері мен еңбек және тыл ардагерлерін арнайы қабылдап, әрқайсысына бір реттік әлеуметтік жәрдемақы (150 мың теңге) табыстаған болатын. І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында жалғасқан мерекелік шара облыс әкімі Амандық Баталовтың құттықтау сөзімен басталды. Әкімнің айтуынша, жылдан-жылға ардагерлердің де қатары сиреп барады. Былтыр 397 ардагер болған болса, өткен жылдан бері 140 ардагер о дүниелік болған. Амандық Ғаббасұлы өз сөзінде ерлікті ұлықтау – парыз, бейбітшілікті сақтау аманат екенін айтады.

IWh2lGtIM24

Амандық Баталов «Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы «Ерлік – елдің қасиеті, өршіл рухтан өлмес ерлік туады» деген болатын. Болашақ ұрпақ ардагерлер бойындағы қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алады. Аға ұрпақ әкелген жеңіс біздің жанымызға қуат пен күш береді. Қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуға көмектеседі», – деді.
Талдықорғандықтардың мерекелік көңіл-күйін Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев, белгілі эстрада әншісі Кәмшат Жолдыбаева, Қанат Ескендір асқақтата түсті. Сүйінбай атындағы филармонияның әншілері де жиылған жұрттың ыстық ықыласына ие болды.

DSC_0163Петр Дроздов,
тыл және еңбек ардагері:

– Қорқыныш пен үрей, атыс, шабыс, өлім, өмір үшін жанталас, жақынынан айырылу… Ол кездегі барлық адамның санасын осынау үрейлі ұғымдар биледі. Мұз төсеніп, қар жастанған, аштықтан бұратылған, қан майданның ортасында өлім мен өмір туралы ойланып та үлгермей қаза болып кете бару, бәрі-бәрі соғыстың сүреңсіз суреттері еді. Көңіліміз – жүдеу, өміріміз – қорқынышта, жүрегіміз – алаңдауда, тұрмысымыз – аштықта болды. Сондықтан, бүгінгі бейбіт өмірімізге разы болуымыз керек. Соғысты басқа бермесін, енді соғыс болмасын! Беті аулақ болсын.

Жетісу жерінен 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғысқа 120-150 мың адам соғысқа аттанған. Оның 50 мыңы соғыста опат болған.

Шынаргүл Оңашбай,
Алматы облысы

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді