jasqazaq.kz

Еркек атын жамылған ез

14 мамыр 2021, 11:47

Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Ерлердің ісі бітер ме?!

Иә, бүгінде Махамбет Өтемісұлы жырлаған ерлеріміз бар ма? Осы өлеңнің бір шумағы кезіндегі қазақ жігітінің қасиетін айқындап бергендей. Ал қазір ше? Әй, қайдам! Заман дейміз, басқа дейміз. Әйтеуір, қандай жаман нәрсе болса, заманға әкеліп жаба саламыз. Көпке топырақ шашудан аулақпын, дәл Махамбет айтқан ер мінезді еркектердің азайып бара жатқаны қынжылтады. Нәзік жанды болғаннан кейін ерлерге арқа сүйейміз, сенім артамыз. Бірақ қазір кейбір ер-азаматтар сенімге селкеу түсірді.

Күні кеше қыз-келіншектерді алдап, тақырға отырғызып кеткен жігіт туралы ақпаратты көзіміз шалып қалды. Әлгі әккі донжуансымақ жасы үлкен әйелдермен әлеуметтік желіде танысады екен. Өзін әлдебір банктің қауіпсіздік саласында немесе мемлекеттік қызметтегі адаммын деп сендіретін көрінеді. Сөйтіп бірнеше әйелдің сеніміне кіріп, опық жегізіпті. Алданған әйелдердің бірі оған несиеге ұялы телефон алып берсе, бірі үйіндегі қымбат тонын ұстатып жіберген. Бұл жерде алданып қалған әйелдің өзі кінәлі деуіңіз мүмкін. Бірақ іші-бауырыңа кіріп, жылы сөзімен жанын баурап тұрса, алданбағанда қайтесін?..

Сенімі селге кеткен келіншектер әлгі «батырдың» шын есімінің кім екенін білмейді. Бір сұлуға Алмас, екіншісіне Алмат, үшіншісіне Саматпын деп танысқан. Ойпырмай, өзінің атынан қалай адасып қалмады екен дейтін шығарсыздар? Ол үшін әрбір әйел – табыс көзі. Альфонстың арбауына түскендер бір-екеу емес, бақандай сегіз әйел. Жігіттің бал сөзіне балқыған бұрымдылар Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне шағым түсіріпті. Алаяқ әлдебір келіншектің үйінде қолға түсіпті. Осы уақытқа дейінгі қылмысын толық мойындапты. Қазір «алаяқтық» бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Өткенде Павлодарда тағы бір «сері» бірнеше әйелмен қатар танысып, бәрінің сеніміне кіріп еді. Анасының сырқат екенін айтып, танысқан келіншектерінен қарызға ақша сұраған. Жаны ашыған әйелдер бар-жиған тергенін әлгі масылдың қолына ұстатып отырыпты. Ақшаны қалтаға басқан альфонс солай ізін суытады. Ұқсас «сценарий». Бұл ана жігіт сияқты сегізбен шектелмеген, сенсеңіз, 92 келіншекті «қақпанына» түсіріпті. «Рекордсмен» құрықталды. Жауапқа да тартылды. Мәселе онда емес. Еркек атын жамылған осындай ездердің қоғамда көбейіп бара жатқаны ойландырмай қоймайды.

Мақпал Ноғайбаева

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету