Елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді

21 қараша 2016, 23:09

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) есебі бойынша 2030 жылы 167 млн бала кедейліктің ең төмен деңгейінде өмір сүреді. Ал 2016-2030 жылдар аралығында 5 жастан төмен 69 миллионға жуық бала көз жұмуы мүмкін. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Қазақстан балалармен достық қарым-қатынаста» атты халықаралық форумда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

gulshara

«БҰҰ Балалары қоры (ЮНИСЕФ) әлемдегі балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы есебін жариялады. Ол «2016 жыл – әрбір бала үшін әділетті мүмкіндіктер» деп аталады. ЮНИСЕФ жариялаған есепте егер әлем мемлекеттері бүгінгі таңда жаһанда болып жатқан оқиғаларға бейжай қарайтын болса, 2016-2030 жылдар аралығында 5 жастан төмен 69 млн бала өлуі мүмкін. 2030 жылы 167 млн бала кедейліктің ең төмен деңгейінде өмір сүреді. Осылайша, құжат авторлары егер жаһан елдері бұл мәселеге назар аудармаса, балардың жағдайы одан әрі нашарлай түсуі мүмкін деп дабыл қағуда», – деді ол.

Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, 2000 жылдан бері елімізде бала туу көрсеткіші 1,4 есеге өскен. Мемлекетімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы елімізде балалардың құқығын қорғау бойынша тиісті заң нормаларының жұмыс істеп тұрғандығын айта кетті.

«Қазақстанда балалардың құқы 16 нормативтік-құқықтық актімен реттеледі. Тәуелсіздік жылдары 13 халықаралық құжат ратификацияланды. Балаларға білім беретін 17 мыңнан астам оқу орталығы, 9 мыңға жуық мектепке дейінгі мекеме, 7,5 мың мектеп, 807 колледж, 860 қосымша білім беру орталығы жұмыс істейді. Еліміздің барлық өңірінде кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін 20 орталық өз міндетін атқаруда. Онда 5 мыңнан астам жеткіншек көмек алады», – деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.+

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы еліміз халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс орнатып отырғандығын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Бейбітішілік және келісім сарайында «Қазақстан балалармен достық қарым-қатынаста» атты халықаралық форум өтіп жатыр. Шараға әлемнің 35 елінен келген сарапшылар қауымы қатысуда.

Маңызды жиын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) 70 жылдық мерейтойына арналған.

Конференцияны ұйымдастырушылар – ҚР Парламенті Мәжілісі, ҚР Балалар құқығы жөніндегі уәкілетті орган, ҚР Білім және ғылым министрлігі, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және ЕО-ның еліміздегі өкілдіктері.

 

 

Бүгін, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды