jasqazaq.kz

Ел экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды

Бүгін, 11:45

ҰСБ-ның алдын ала деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар–қазанда Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,5%-ды құрады. Бұл 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары.

Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Алдын ала бағалау бойынша, аталған сектор 5,6%-ға өскен.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті.

Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны тоғыз айда 8,6%-дан ағымдағы жылғы он айда 9,3%-ға дейін артты.

Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%) байқалады.

Құрылыс саласында өсім 13,1%-ды, көлік және қоймада – 7,5%-ды, саудада – 6,2%-ды, ауыл шаруашылығында – 5,2%-ды, байланыс саласында 4,9%-ды құрады.
JQ-Aqparat
Инфографика: t.me/presseconomy

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді