jasqazaq.kz

Дубай 7 жасар қазақ қызының біліміне тәнті болды

20 қараша 2016, 20:00

snimok

Алина Әлиева Ақтөбе қаласындағы №3 мектептің 2 сынып оқушысы. Ол қаладағы ментальді арифметика курсына 5 жасынан бастап қатысқан. Аптасына бір рет 2 сағаттық курсқа қатысып жүрген оқушы халықаралық жарыстан жүлдемен оралды.

baq.kz харлағандай, «қызымды 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап ментальді арифметикаға апарып жүрмін. Қызымнің екі жыл ішінде көрсеткен жетістіктері жаман емес. 2015 жылдың 1 наурызында өткен үшінші республикалық байқауда үшінші орынды алған болатын. Ал мамыр айында өткен төртінші республикалық байқаудан екінші орын алып келдік», — дейді Алинаның анасы Айгүл Бакиева.

444573485cc2738be42d9073f4ba5cee_resize_w_520_h_

Бірнеше рет бағын сынап жүрген Алина 2016 жылдың 11 қарашасында Дубай қаласында өткен ХХІ халықаралық ментальді арифметика жарысында бірінші орын алған. Жарысқа 57 елден 4 мың оқушы қатысқан. Балаларға 8 минутта 200 есеп шығару тапсырылған.

«Жасына қарамастан қызым тапсырманы жақсы орындады, бесінші деңгейлік есептерден мүдірген жоқ», — дейді анасы.

Халықаралық жарысқа Қазақстаннан 68 бала қатысқан. Ақтөбеден жалғыз өзі барған Алина Әлиева жүлдемен келді.

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл