jasqazaq.kz

Динара Зәкиева: Қылмыстық іс қозғалды

01 қазан 2024, 11:07

Еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Instagram желісіндегі парақшасында Солтүстік Қазақстанда түрлі жарақатпен ауруханаға түскен төрт жасар балаға қатысты жаңа мәлімет жариялады.

Динара Зәкиеваның айтуынша, 23 қыркүйекте Петропавл тұрғынының төрт жасар баласы (кенже ұлы) «оң жақ білектің екі сүйегінің жабық сынуы, кеуде, арқа, жамбас және тізе буындарының, жыныс мүшесінің көгеруі» диагнозымен ауруханаға түскен. Анасының айтуынша, бала баспалдақтан құлаған. Алайда дәрігерлер бұл жарақат тек құлағаннан болуы мүмкін емесін және зорлық-зомбылықтың салдары болуы мүмкін екенін көрсетті.
Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы 8-тармағы бойынша (Кәмелетке толмаған балаға қатысты денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды.

Динара Зәкиева әйелдің үлкен ұлы балаларды қолдау орталығына орналастырылғанын атап өтті. Ал анасы кенже ұлын ертіп, ауруханадан қашып кеткен. Бірнеше күннен кейін табылып, бала қайтадан ауруханаға жатқызылған.

«Тергеу барысында анасы полиция департаментінің қаулысымен баланың мүддесін қорғаудан шеттетілді», — деді Динара Зәкиева.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл денесі көгерген баланың суретін жариялап, оның сау жері қалмағанын жазды.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Петропавл тұрғыны бейнежазба жариялап, кенже ұлымен ауруханада жатқанда, қамқоршылық органдары үлкен баласын ұрлап кеткенін айтқан. Әйелдің айтуынша, оның кенже ұлы баспалдақтан құлап, жарақат алған.
Бірақ полицейлер денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын айтты. Қамқоршылық органдары әйелдің айыптауына жауап беріп, баланың үлкені ата-анасының қарауынсыз қалғандықтан арнайы орталыққа орналастырғанын атап өтті.

JQ-Aqparat

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды