jasqazaq.kz

Депутат: Елімізде диагноз ерте анықталмайды

29 ақпан 2024, 10:21

Мәжіліс отырысында депутат Айна Мысырәлімова жаңа туған сәбилерде болатын патологияны ерте анықтау, балалардың денсаулығындағы ақаулықтарды диагностикалау саласының баяу дамып жатқанын айтты.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 680 мың адамның 100 мыңға жуығын 18 жасқа толмаған балалар құрайды. Физикалық, неврологиялық, ақыл-ой кемістігі қаупі бар балалар санының арту үрдісімен мерзімінен бұрын туылған балалар санының өсуі және босану мен сәби кезіндегі проблемалар байқалады. Қазіргі таңда бізге патологияның алдын алу, балалардың денсаулығындағы ақаулықтарды диагностикалау, оларды емдеу мен дамуын ерте кезеңде анықтаудың және оңалтудың тиімді шаралары қажет.

Шала туған немесе босану кезінде ауыр жағдайға ұшыраған жаңа туған нәрестелерді бақылау тәртібі Қазақстан Республикасында неонаталдық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартымен регламенттелген. Оған сәйкес әр өңірде көп бейінді стационарлар базасында немесе үшінші деңгейдегі перинаталдық көмек ұйымдарында 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларға арналған бақылау және (немесе) катамнез кабинеті ұйымдастырылады.
Бүгінгі таңда мұндай кабинеттер еліміздің 14 өңірінде ашылған және жұмыс істеуде. Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Жетісу облыстарында 2024 жылы ашылу жоспарлануда. Оның ішінде облыстарда 28 оңалту және ерте араласу орталығы жұмыс істейді.

Жалпы, соңғы жылдары нәресте өлімінің көрсеткіші айтарлықтай азайды, бірақ бұл үшін үлкен күш жұмсалды. Барлық шараға қарамастан, шала туылған нәрестелермен жұмыс істеудің кешенді тәсілдерінде әлі де проблемалар бар. Елімізде диагнозды ерте анықтау баяу жүруде», — деді депутат.

JQ-Aqparat

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу