
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан өзінің ұлттық валютасы – теңгені айналымға енгізді. Бұл тарихи қадам еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, дербес қаржы-экономикалық жүйесін қалыптастыруға жол ашты.
Ұлттық валюта өткен жылдар ішінде айтарлықтай даму жолынан өтті. Бүгінде ақшаның дәстүрлі түрлерімен қатар цифрлық теңге де қолданысқа енгізілуде. Бұл қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, төлем жүйесін жеңілдетуге және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.
Биыл күшіне енген жаңа Конституцияда теңгенің мәртебесінің бекітілуі де ерекше маңызға ие. Осылайша, ұлттық валютамыз конституциялық мәртебеге ие болып, теңгенің Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі айрықша рөлі айқындала түсті.
JQ-Aqparat
Сурет: ortcom_kz