jasqazaq.kz

Бүгін ОСК-да партияларды бюллетеньге енгізу тәртібі бойынша жеребе тарту рәсімі өтті

Бүгін, 16:17

Барлық бюллетеньдер А5 форматында дайындалады. Түрлі деңгейдегі мәслихаттарға арналған бюллетеньдер әр түрлі түсте болады.
Астана қаласы, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдер бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньдер көгілдір түсті, ал бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньдер жасыл түсті болады.
Бюллетеньнің бір жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және сайлау бюллетенінің атауы орналастырылады. Екінші жағында бірінші бюллетень бойынша жеребе тарту арқылы айқындалған тәртіппен саяси партиялардың атаулары, ал екінші бюллетеньде тіркелген барлық кандидаттардың тегі, аты және әкесінің аты мемлекеттік тілде әліпбилік тәртіппен көрсетіледі. Екі бюллетеньде де «Бәріне қарсымын» деген жол және белгі қоюға арналған орындар болады.
Облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын сайлауға арналған екіжақты сайлау бюллетеньдерінің бланкілері күлгін түсті болады.
Аудандық мәслихаттардың бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын сайлауға арналған бюллетеньдер қызғылт сары түсті болады.
Сайлау бюллетеньдерінің бір жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және бюллетеньнің атауы орналастырылады. Екінші жағында мемлекеттік тілде әліпбилік тәртіппен тегі, аты және әкесінің аты көрсетіле отырып, тіркелген барлық кандидаттар, «Бәріне қарсымын» деген жол, сондай-ақ белгі қоюға арналған орындар орналастырылады.
«Сайлау бюллетеньдері мемлекеттік және орыс тілдерінде сайлау округіндегі сайлаушылардың 1 пайызы резервімен сайлау округіндегі сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады. Олар учаскелік сайлау комиссияларына сайлаудан ерте дегенде 3 күн бұрын және сайлаудан 1 күн бұрын сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде резервпен жеткізіледі», — деп хабарлады Азамат Айманакумов.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауларын енгізу тәртібі де айқындалды. Жеребе тарту рәсімін ОСК мүшесі Азамат Айманакумов өткізді. Саяси партиялардың өкілдері партия атауларының мемлекеттік тілдегі әліпбилік тәртібімен үстел басына шақырылды. Партия өкілдері өз қолдарымен партияның сайлау бюллетенінде көрсетілетін реттік нөмірі жазылған мөрленген конверттерді алды.
«Орталық сайлау комиссиясының отырысында өткізілген жеребе қорытындысы бойынша 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньде саяси партиялардың атаулары мынадай тәртіппен орналастырылады: 1. «Ауыл» партиясы, 2. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия», 3. «Қазақстанның Халық партиясы», 4. «Respublica» партиясы, 5. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, 6. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, 7. «Әділет» партиясы. Жеребе қорытындылары Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тарапынан тиісті хаттамамен бекітіледі», — деп атап өтті Азамат Айманакумов.

Сурет: ОСК

Бүгін, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу