jasqazaq.kz

Боқаевтың жеке мобилографы Ұлан Нүсіпқожа кінәсін мойындап, сыбайластарына қатысты айғақ беруге дайын (Видео)

22 қазан, 14:03

Санжар Боқаевтың жеке мобилографы Ұлан Нүсіпқожа өзіне тағылған барлық айып бойынша кінәсін мойындап, қылмысқа қатысы бар өзге адамдардың әрекеттері жөнінде сотта айғақ беруге дайын. Бұл туралы оның адвокаты Мәди Әуекенов мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, қорғау тарапының ұстанымы өзгерген. Ұлан Нүсіпқожа өзіне тағылған барлық қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындау туралы шешім қабылдағанын айтқан. Атап айтқанда, ол алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының ұрлық жасауы (ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы), ағаштарды заңсыз кесу (ҚР ҚК 340-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы) және көрінеу жалған ақпарат тарату (ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлігінің 1 және 3-тармақтары) бойынша тағылған айыптарды мойындап, жасалған әрекеттердің мән-жайына қатысты сотта өз еркімен шынайы әрі дәйекті айғақ беруге ниетті.

Адвокат қорғауындағы азаматтың айғақтары тек өзінің іс-әрекеттеріне ғана емес, қылмысқа қатысы бар өзге адамдардың әрекеттеріне де қатысты болатынын атап өтті.

Бұған дейін сот Ұлан Нүсіпқожаның денсаулық жағдайын ескеріп, оған қатысты бұлтартпау шарасын күзетпен ұстаудан үйқамаққа ауыстырған болатын.

Ұлан Нүсіпқожа адвокатының мәлімдемесін қолдап, кінәсін мойындайтынын және істің мән-жайы бойынша сотқа шынайы айғақ беруге дайын екенін жеткізді. Бұған дейін ол Санжар Боқаев өзі үшін жалдаған адвокат Сергей Кимнің қызметінен бас тартқан еді.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі