jasqazaq.kz

Боқаев пен оның сыбайластарының қорғаныс тактикасы күйреді – соттың кезекті отырысы басталды

Бүгін, 11:46

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында «ҚазТрансГаз» басшысының бұрынғы кеңесшісі әрі «Нұр Отан» партиясының бұрынғы идеологы Санжар Боқаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды. Басты фигурантпен бірге айыпталушылар орындығында оның жиені Мадияр Қалменов пен жеке видеографы Ұлан Нүсіпқожа отыр.
Алдыңғы сот отырысында Санжар Боқаевтың жеке мобилографы Ұлан Нүсіпқожа ұрлық, ағаштарды заңсыз кесу және көрінеу жалған ақпарат тарату айыптары бойынша өз кінәсін толық мойындады. Адвокатының айтуынша, айыпталушы сотқа өзінің әрекеттері туралы ғана емес, сонымен қатар қылмыстық іс бойынша басқа да қатысы бар адамдардың рөлі туралы егжей-тегжейлі айғақ беруге дайын. Нүсіпқожа бұл ұстанымын екі рет растады.
Бұдан бөлек, бұған дейін сотта жәбірленуші ретінде жауап берген «ҚазТрансГаз» АҚ-ның бұрынғы заңгері әрі кәсіподақ комитетінің хатшысы Мұхтар Әмірханов 2018 жылы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» бағыты бойынша халықаралық автошеру ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасуға Санжар Боқаевтың бастамашы болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, сол кезде «ҚазТрансГаз» АҚ басшысының кеңесшісі қызметін атқарған Боқаев компанияның кәсіподақ комитетінің отырысына қатысып, жобаға «BM Trust» және «We Can» компанияларын тартуды ұсынған.
Еске сала кетейік, Санжар Боқаев аса ірі мөлшердегі алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру, ұрлық, ағаштарды рұқсатсыз кесу және көрінеу жалған ақпарат тарату баптары бойынша айыпталып отыр. Өз кезегінде Мадияр Қалменов алаяқтық пен заңсыз жолмен алынған қаражатты заңдастыруға қатысты эпизодтар бойынша жауапқа тартылып жатыр. Ал Ұлан Нүсіпқожаға ұрлық, ағаштарды заңсыз кесу мен жалған мәліметтер таратуға қатысы бар деген айыптар тағылған.

25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова