jasqazaq.kz

Белгілі журналист Индира Жылқайдарова дүниеден өтті

02 қазан, 12:59

Танымал журналист Индира Жылқайдарова ұзаққа созылған ауыр сырқаттан кейін өмірден озды.
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі журналист Индира Орынбайқызы Жылқайдарованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтады.
Индира Орынбайқызы 2015 жылдан бастап «Хабар» агенттігінде еңбек етіп, соңғы жылдары «Хабар» телеарнасының «Жеті күн» бағдарламасында редактор-талдаушы қызметін атқарды.
Ол парламенттік журналистикаға, қоғамдық-саяси мәселелер мен еліміздің заң шығару үдерісін ақпараттық тұрғыдан жария етуге айрықша ден қойды. Ел өміріндегі маңызды оқиғаларды терең талдап, өзекті мәселелерді көрерменге жедел әрі шынайы жеткізуге үлес қосты.
Министрлік хаьарламасында: «Индира Орынбайқызы өз ісіне адалдығымен әріптестерінің құрметіне бөленді. Оның журналистика саласындағы еңбегі кәсіби байқауларда да жоғары бағаланды.
Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты жанның жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.
Марқұмның жаны жәннатта жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!» — делінген.
Jas Qazaq ұжымы Индира Жылқайдарованың туған-туыстары мен дос-жарандарына қайғырып көңіл айтады.

02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды