jasqazaq.kz

Басшылық бұл туралы хабарсыз болған: сотта Боқаевтың автошеруді ұйымдастыру кезінде ешкімге есеп бермегені расталды

Бүгін, 12:59

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін сотта «ҚазТрансГаз» АҚ 2015-2020 жылдар аралығында басқарған Рустам Сүлейманов жауап берді. Компанияның бұрынғы басшысы өз жауабында бас директор кеңесшісі қызметін атқарған Боқаевтың өз бетінше әрекет еткенін және барлық шешімді өзі қабылдағанын мәлімдеді.
Сүлеймановтың түсіндіруінше, ол Боқаевты бұл қызметке өзі тағайындамаған және оның жұмысқа қабылдану мән-жайларын есіне түсіре алмады. Боқаев іс жүзінде компания басшысының кеңесшісі ретінде жұмысқа 2015 жылғы 30 қазан күні кіріскен. Ол кезде «ҚазТрансГаз» АҚ Қайрат Шәріпбаев басқарғаны белгілі. Кейін Боқаев Қоғаммен байланыс департаментінің жұмысын үйлестіріп, дербес әрекет еткен әрі жаңа басшылықты өз жұмысының жай-жапсары туралы хабардар етпеген.
Сүлеймановтың айтуынша, автошеру өткізу туралы тапсырма «жоғарыдан» – бас компаниядан түскен. Корпоративтік бюджет болмағандықтан, іс-шараны қаржыландыру кәсіподаққа жүктелген. Ал барлық жұмысты толығымен Боқаев үйлестірген.
Рустам Сүлейманов сотқа автошерудің қаржылық және ұйымдастыру жұмыстарынан хабарсыз болғанын айтты. Ол келісімшарттарды көрмеген, шығындар сметасын тексермеген және кәсіподақ комитеті отырыстарының хаттамаларын алмаған. Басшылық жұмыстың нәтижесін тек ұсынылған суреттер мен бейнематериалдар арқылы бағалаған. Сонымен қатар бұрынғы бас директор «WeCan» ЖШС директоры Жұлдыз Артықбаеваны да, «BM Trust» ЖШС директоры Мадияр Қалменовті де танымайтынын растады.
Боқаевтың өз бетінше әрекет еткені туралы жайттар бұған дейін кәсіподақтың бұрынғы төрайымы Зәуреш Маханованың сотта берген жауабымен де расталған болатын. Өткен отырыста ол жобаға «BM Trust» және «WeCan» компанияларын тартуды Санжар Боқаевтың өзі ұсынғанын мәлімдеген. Бұл ретте бас фигуранттың жиені Мадияр Қалменов қол қоюға сомалары алдын ала толтырылған дайын келісімшарттарды әкеліп отырғаны айтылды. Ал орындалған жұмыстарды растайтын құжаттарды Маханова тікелей Боқаевтың кабинетінен алып кетіп жүрген.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, осы схема арқылы іске қатысы бар тұлғалар кәсіподақ қаражатынан 42 миллион теңгені кедергісіз шығарып алған.

Бүгін, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
Бүгін, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті