
AI & Digital Bridge 2026 форумына қатысушылар Байқоңырға аттанып, «Прогресс МС» жүк кемесін алып ұшатын «Союз» зымыран-тасығышының қалай көкке көтерілетінін өз көздерімен көре алады.
Халықаралық технологиялық шараның General және Standard санаттарындағы билеттерін сатып алғандар арасында бас жүлде — жеңімпаз бен оның қасына еріп жүретін бір адамға арналған Байқоңырға сапар ойнатылады.
Ұтыс ойыны 5 қазанда өтеді. Жеңімпаз көрсетілген санаттағы билеттерді иеленгендердің арасынан Wheel of Names қызметі арқылы кездейсоқ тәсілмен анықталады.
Байқоңырға сапар ұтып алу шарттары қандай
AI & Digital Bridge 2026 форумына General немесе Standard санатындағы билетті сатып алсаңыз болғаны.
Алынған әрбір билет ұтыс ойынына тікелей қатысады. Бөлек тіркелудің қажеті жоқ.
Қазанның 5-і күні билет иегерлерінің арасынан кездейсоқ тәсілмен бір жеңімпаз таңдалады. Ол өзімен бірге тағы бір адамды ертіп, Байқоңырға бару бақытына ие болады.
Байқоңырдағы төрт күн және «Союз» зымыранының ұшуы
Сапар Cosmo Travel және Rocket Go Travel серіктестерінің қолдауымен ұйымдастырылады және 4 күн мен 3 түнге жоспарланған. Бағдарламаға Байқоңыр қаласымен танысу, ғарыш айлағының нысандарын аралау және экскурсия кіреді.
Басты оқиға — «Прогресс МС» жүк кемесі бар «Союз» зымыран-тасығышының Байқоңыр аумағынан тікелей көкке көтерілуін тамашалау.
Осылайша, AI & Digital Bridge 2026 қатысушыларының бірі ауқымды технологиялық шараның бел ортасында жүріп қана қоймай, әлемдегі ең алғашқы әрі ең үлкен ғарыш айлағынан зымыранның самғауын — заманауи ғарыш саласының ең әсерлі көрінісін өз көзімен көру мүмкіндігіне ие болады.
AI & Digital Bridge 1–3 қазан аралығында өтеді
AI & Digital Bridge 2026 форумы 1–3 қазан аралығында Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтіп, AI MONTH бағдарламасының басты халықаралық оқиғасына айналмақ. Форум халықаралық технологиялық сала өкілдерін, стартаптарды, инвесторларды, мемлекеттік органдарды, әзірлеушілер мен сарапшылар қауымдастығын бір алаңға жинайды.
Бағдарлама аясында жасанды интеллект және цифрлық трансформация, технологиялық кәсіпкерлік пен инвестициялар, маман даярлау, Creative Industries, GameDev, сондай-ақ ауқымды технологиялық көрме, Startup Alley, Astana Hub Battle және басқа да бағыттар қамтылады.
1 қазанда арнайы жоғары деңгейдегі бағдарлама өтеді. Бұл күндегі шараларға тек арнайы шақыру арқылы қатысуға болады. Ал 2–3 қазанда форум билет иегерлерінің бәріне ашық болады.
Ұтыс қатысушылары үшін маңызды ақпарат
Тур бағдарламасы тікелей Байқоңыр қаласынан басталады. Байқоңырға барып-қайту жол шығындары жүлдеге кірмейді. Жеңімпаз бен оның қасына еріп жүретін адам жол қаражатын өз бетінше ұйымдастырып, өтейді.
Ұтыс ойынына қатысу үшін AI & Digital Bridge 2026 форумына General немесе Standard санатындағы билетті сатып алу қажет. Алынған әрбір билет ұтысқа қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Ұтыс ойыны 5 қазанда өтеді.
Билеттерді ресми сайттан сатып алуға болады: digitalbridge.ai.
AI & Digital Bridge 2026 ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана әкімдігі.
Алтын серіктестер — Freedom Банкі, Kaspi Bank, «Самрук-Қазына» АҚ және «Қазахтелеком» АҚ. Күміс серіктес — Halyk Bank. Бизнес-серіктес — Beeline Қазақстан. Қола серіктес — Yandex Qazaqstan. Телеком-серіктес — «Freedom Telecom Operations» ЖШС. Технологиялық серіктестер — «Транстелеком» АҚ, ресми әуе серіктесі (Official Airline Partner) — Air Astana.
Эльмира Асанова