jasqazaq.kz

БАӘ-ге қашып кеткен алаяқ елге қайтарылды

10 қараша 2016, 22:39

20161110202509

Өзін мұнай компаниясының өкілі деп таныстырған әйел кәсіпкермен келісімшарт жасасқан. Ол оған «тиімді» келісімшарт үшін 120 мың доллар берген. ҚазАқпарат хабарлағандай, «10 қарашада алаяқтық жолмен кәсіпкердің 120  мың доллар ақша қаражатын иемденген  қазақстан азаматшасы  В.Ким Біріккен Араб Әмірліктерінен қайтарылды. БАӘ құзыретті органдары мәлімдегендей, оны қайтару туралы ҚР Бас прокуратурасының сұрауы қанағаттандырылған. Осы жұмысты  Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі мен ҚР ІІМ Интерполы бірлесе жүргізді. «Айыпталушы 2011 жылы өзін мұнай компанияларының бірінің қызметкері ретінде таныстырып, күкірт жеткізу бойынша тиімді келісімшарт жасасу мүмкіндігіне қатысты кәсіпкерді алдаған. Келісімшарт жасасу шығындарына оның өтініші бойынша 120 000 доллар сомасында ақша қаражаты берілген. Ақша алғаннан кейін, ол қашып  кеткен», — деп  айтылған Бас прокуратура мәлімдемесінде. Қазіргі уақытта Ким Алматының тергеу изоляторына қамалды.

 

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл