jasqazaq.kz

Қазақстан БҰҰ ҚК мүшесі ретіне жаһандық деңгейде шешімдер қабылдайды

08 желтоқсан 2016, 17:00

Келесі жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіне жаһандық деңгейде шешімдер қабылдайтын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Тәуелсіздігің 25 жылдығы мен Адам құқықтарының халықаралық күніне арналған дөңгелек үстел барысында еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

ҚазАқпарат хабарлағндай, «Адам құқығы еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыты және ең басты құндылықтардың бірі болып табылады. Ұлы дала елінде құқтық мәдениет қалыптастырудың дәстүрлі тамыры тереңде жатқаны белгілі. Атап айтсақ, ғасырлар сынағынан өткен Жеті жарғы заңдар жинағы адами құқықты сақтауда айрықша рөл атқарып, 200 жылдай қолданыста болды. Сондай-ақ дала демократиясына негізделген билер институтының қызметіне ресейлік, еуропалық зерттеушілер жоғары әділдікпен адамгершілікке негізделген дана сот жүйесі деген баға берген болатын», — деді Мемлекеттік хатшы. Оның атап өтуінше, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, сақтау мен қорғауға міндеттеме алып, БҰҰ-ның адам құқығына қатысты 60-тан астам халықаралық келісімшарттарын ратификациялады. «Қазақстан ширек ғасырда БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның, ИЫҰ-ның, ЕЭАО-ның және басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың беделді мүшесіне айналды. Келесі жылдан бастап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіне жаһандық деңгейде шешімдер қабылдайтын болады. Бұған қоса, 2016 жылы ҚР өзінің адам құқықтары саласында қабылдаған міндеттемелеріне байланысты дайындалған 2 Ұлтық баяндаманы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті және Күштеп жойып жіберуден қорғау комитетінде сәтті қорғап шықты», — деді Әбдіқалықова

 

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл