jasqazaq.kz

Автосалондар жаңа көліктерді қосымша қондырғымен сатып алуды міндеттеген

18 мамыр 2022, 14:28

Алматы қаласының прокуратурасы автосалондардың қосымша қызметтері мен жаңа көліктерге аксессуарларды сатып алуға мәжбүрлеудің заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қадағалау органы автосалондардың мұндай әрекеті заңға қайшы екенін анықтады. Автодилерлер көліктерді сатқанда бұл қызметтер мен керек-жарақтарды орнатуды тұтынушыларға жүктейді. «ҚР Конституциясының 26-бабына сәйкес, монополиялық қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады.

«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабына сәйкес, cатушы тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқығын бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс. Заңның 28-бабына сәйкес сатушы тұтынушыға тиісті сападағы тауарларды тұтынушыға ыңғайлы уақытта еркін таңдауды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны қажетсіз мөлшерде және ассортиментте өнімді сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады», — деп түсіндірді прокуратурадан.

Шарт жасасу кезінде тұтынушының құқығын бұзатын жағдайдың бірі — сатушының ақылы тауарлар бойынша қосымша міндет жүктеуі.

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 5 наурыз күні қадағалау органы Алматы қаласы Бәсекелестікті дамыту және қорғау департаментіне заңдылықты бұзушылықты жоюды ұсынды. Қазіргі уақытта уәкілетті орган жаңа автокөліктерді сату бойынша дилерлік орталықтардың тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне талдау жасауды аяқтады», — деп атап өтті ведомстводан.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі