jasqazaq.kz

Қатерлі ісікке қарсы қымбат дәрілердің пайдасы жоқ

10 қараша 2016, 11:21

dari

Соңғы он жылдағы мақұлданып келген, үлкен қаржы құйылып, иновациялық жолмен жасалған қатерлі ісікке қарсы дәрілер пациенттердің денсаулығының оңалуына әсер етпейтін болып шықты. Бұл туралы British Medical Journal басылымына мақаласын жариялаған ағылшындық маман Питер Уайсқа (Peter Wise) мәлімдеп отыр, — деп жазады tengrinews.kz  Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, сырқат адамдардың көпшілігі өмірді бірнеше апта немесе айға ғана ұзартатын дәрілерге миллиондап қаржы жұмсайды. 2015 жылы осындай дәрілердің сатылымынан әлем бойынша 110 миллиард доллар пайда түскен. Уайс химиотерапевтикалық дәрмектерді мақұлдау ережелерін қатаңдатып, олардың бағасын түсіру шараларын қолдануға шақырып отыр.

Оның айтуынша дәрмектерді сынақтан өткізу процедуралары қажетті деңгейде емес. Дәрінің нәтижелілігін анықтайтын критерийлер оны тез мақұлдауға жол ашады, алайда, ол арқылы дәрінің өмірді қаншалықты ұзарта алатынын нақты анықтауға болмайды екен. Уайстың пікірінше, бұл жағдай медициналық зерттеулердің этикалық қағидаттарына қайшы.

2016 жылдық қыркүйегінде The Guardian басылымы Лондон университетінің зерттеушілері адамның иммундық жүйесін асқазан асты безінің ауыр түрдегі қатерлі ісігімен күресіне мүмкіндік беретін IMM-101 дәрісін жасап шығарғанын жазған болатын.

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл