jasqazaq.kz

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер алғаш рет үлкен экраннан көрсетіледі

02 қазан, 16:48

1-3 қазан аралығында Астанада Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) халықаралық кинофестивалі өтеді. Фестиваль жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған.
2-3 қазанда MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығындағы Chaplin кинотеатрында халықаралық байқаудың 25 финалисі ұсынған фильмдер көрермен назарына ұсынылады. Олар әлемнің 125 елінен түскен 8 067 өтінімнің арасынан іріктелген.
Финалға шыққан авторлар фестивальге қатысу үшін Қазақстанға келді. Байқау бағдарламасына АҚШ, Канада, Италия, Оңтүстік Корея, Қытай және Қазақстан авторларының жұмыстары енді.
Фестивальдің жалпы жүлде қоры – 2 млн доллар. Оның 1 млн доллары Freedom Holding Corp. құрамындағы Freedom Шапағат корпоративтік қорының қаражаты есебінен жеңімпаздарға жүлде ретінде табысталады. Тағы 1 млн доллар жасанды интеллект саласындағы әлеуетті командаларға инвестиция ретінде бағытталады. Бұл қаржы Қазақстандағы кино өндірісі мен жасанды интеллект экожүйесін дамытуға жұмсалады.
Инвестициялық капиталды кәсіпкер әрі инвестор Баладжи Сринивасан ұсынды. Ол бұған дейін Coinbase компаниясының техникалық директоры, Andreessen Horowitz (a16z) венчурлік қорының басқарушы серіктесі болған. Сондай-ақ The Network School жобасының негізін қалаған.
Astana AI Film Festival фестивалі 1–3 қазан аралығында Астанада жасанды интеллектке арналған іс-шаралар топтамасын біріктіретін AI Month айлығы аясында өтуде.
Қайда және қашан көруге болады?
2-3 қазан 2026 жыл
Астана, Chaplin MEGA Silk Way кинотеатры
Мекенжайы: Қабанбай батыр даңғылы, 62, «MEGA Silk Way» СОСО, 2-қабат.
Ашық көрсетілімдерге билеттерді Kino.kz және Freedom SuperApp платформаларынан алуға болады.

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова