
Таяуда Астанада, «Таным» көпфункционалды кешенінде зерттеу жобаларына арналған Showcase Art&Science by PRO.NRG FEST — ғылым, өнер және зерттеу жобалары тоғысатын бір күндік іс-шара өтті. Сол күні Impact Challenge 2026: Су ресурстары ұлттық ғылыми жобалар байқауының ашық финалы, Art & Science of Water гранттық бағдарламасының көрмесі және Қазақстанның су ресурстарына арналған National Geographic Qazaqstan фотокөрмесі ұйымдастырылды.

Showcase Art&Science су тақырыбын үш бағытта қарастырады: мектеп зерттеулері, заманауи өнер және деректі фотография. Қазақстандағы су ресурстарының қазіргі жағдайы және оны жақсарту жолдары — осы үш бағытты біріктіретін ортақ тақырып. Деректі фотосурет мәселенің ауқымын көрсетеді, мектеп жобалары нақты шешімдер ұсынады. Ал көркем жұмыс су тақырыбын өнер арқылы пайымдауға мүмкіндік береді.

Іс-шара бағдарламасы бірнеше бағыттан тұрады. Impact Challenge 2026 — ұлттық финал. Салтанатты ашылудан кейін, Қазақстандағы мемлекеттік мектептердегі 8–11-сынып оқушыларынан құралған, сөйтіп, финалға шыққан 10 команда өз ғылыми-зерттеу жобаларын қазылар алқасы мен көрермендер алдында қорғады. Art & Science of Water — ғылым, өнер және технология тоғысында зерттеу мен көркем шығармашылықты ұштастыратын жобаларды қолдауға арналған PRO.NRG FEST ашық гранттық бағдарламасы. Іріктеу қорытындысы бойынша 20 жобаға дейін таңдалып, олардың әрқайсысына жобаны жүзеге асыру үшін 400 000 теңге көлемінде грант беріледі. Бағдарламаның тағы бір бағыты — National Geographic Qazaqstan фотокөрмесі.

Көрме Қазақстанның су ресурстарының қазіргі жағдайын деректі фотосуреттер арқылы көрсетіп, тақырыпты визуалды тұрғыдан тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында Aqua Lab зертханасында және «Таным» кешенінің гидропоника мен аквапоника кабинеттерінде шеберлік сабақтары өтіп, демонстрациялық станциялар жұмыс істеп, көрме экспозициясымен таныстыратын экскурсиялар өткізіледі. Содан кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

«Шеврон» Еуразия бөлімшесінің корпоративтік байланыстар жөніндегі менеджері Еркин Зікібаев атап өткендей, «Су — өңір болашағы тәуелді ресурс, оны сақтаудың шешімдерін ең алдымен жас зерттеушілер табады. Мектеп ғылымы, өнер және деректі фотография су туралы бірге сөйлейтін Showcase Art&Science іс-шарасын қолдағанымызға қуаныштымыз. Бағдарламада өнертанушы Полина Егармин, суретші-муралист Раис Шагиев және UNESCO Clubs Kazakhstan елшісі Махаббат Есеннің пікір сөз білдіруі де маңызды: олар су тақырыбы өнер, технология және жастар бастамалары арқылы қалай ашылатынын көрсетіп, оны сақтауға әркім үлес қоса алатынын дәлелдейді».

Showcase Art&Science қонақтары ғылыми және көркем жобаларды тамашалап қана қоймай, зерттеу сұрағының көркем идеяға, одан әрі визуалды бейнеге қалай айналатынын көрді. Олар финалистермен, сарапшылармен және жоба авторларымен пікір алмасып, мектеп ғылымы, заманауи өнер мен деректі суреттің бір тақырыпты әртүрлі тәсілмен қалай жеткізетінін байқады.

JQ-Aqparat