jasqazaq.kz

Қанат Исламның жекпе-жегі «Сарыарқа» спорт кешенінде өтеді

28 наурыз 2017, 13:37

9 қыркүйекте елордамыз Астанада ұйымдастырылып жатқан бокс кеші «Сарыарқа спорт кешенінде өтетін болады.

«Спорт кешенінің сиымдылығы 10 мың адам. Ринг айналасына 2-3 мың орындық қоюға болады. Бас-аяғы 13 мыңға жуық жанкүйер келеді деп күтілуде. Жекпе-жек алдында 3 баспасөз маслихаты және ашық жаттығу өтеді. Жекпе-жек бітісімен, «Сарыарқа» велотрегінің баспасөз залында боксшылардың қатысуымен ресми баспасөз маслихаты болады. Әріптестер сұрақтарын жекпе-жектің қызуы басылмай жатып қойып қалуы үшін. Ескерте кететін бір жайт, «Алматы аренада» өткен кәсіпқой бокс кешінде 15 мыңға жуық халық келіп, билет жетпей кіре алмай қалғандары өте көп болды. Сол үшін билет сатылымға шыға салып, тезірек алып қоюларыңызды сұранамыз. Билет шамамен тамыз айының 1 жұлдызында сатылымға шығады. Бұл жолы да бағалары қолжетімді болады», — деп жазды Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Фейсбук парақшасында.

Айта кетейік, елорда төрінде өтетін кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, жеңіліп көрмеген Қанат Ислам жұдырықтастады.

Vesti.kz сайты хабарлағандай, еліміздің мақтанышы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтe осы бокс кеші аясында жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Сондай-ақ басқа да кәсіпқой боксшылармен келіс сөздер жүргізілуде.

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда