jasqazaq.kz

Қанат Ислам төртінші орынға көтерілді

09 желтоқсан 2016, 14:21

Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам (22-0-0) Дүниежүзілік бокс қауымдастығы рейтингінде төртінші орынға көтерілді, деп хабарлады Vesti.kz. Бұл — 32 жастағы қазақстандықтың үздік нәтижені қайталауы.

ҚазАқпарат хабарлағандай, ол тамыздағы рейтингте де төртінші орынға тұрақтаған болатын, кейіннен қыркүйек пен қазанда бесінші орынға түсті. Бірінші ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев (18-0-0) рейтингте 15-ші орнын сақтап қалды. 24 желтоқсанда Киевте титулдық жарыс өткізетін боксшы тамызда ТОП-15-тікке кірген. Содан бері орны өзгерген жоқ. Жартылай орта салмақтағы 26 жастағы Жанқош Тұраров (20-0-0) үш сатыға жоғары көтерілді. Ақпаннан бастап ол 14-тен 15-ке, сосын кері өзгерген. Қарашадағы рейтингте 11-ші орынды иеленді. Жеңіл салмақтағы 33 жастағы Жанат Жақиянов (26-1-0) WBA «уақытша» чемпионы белдігін сақтап, үміткерлер тізімінде бірінші орында. Осы жылы ол жарақаты салдарынан рингке шықпады.

 

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты