
Тұрғындардың айтуынша, бүгін Esentai City тұрғын үй кешенінде жарылыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, үш пәтерге зақым келген. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде таралуда.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, газ-ауа қоспасының тұтанусыз жарылысы орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұған табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін.
Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алған. Қазіргі уақытта жауапты қызметтер оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Сурет: Видеодан кадр/aidos.tru