jasqazaq.kz

Алматыда жылу 9 қазанда беріле бастайды

06 қазан, 15:30

Ауа райының күрт суытуына байланысты Алматыда жылыту маусымы биыл әдеттегіден ертерек басталады, деп хабарлайды jasqazaq.kz әкімдіктің Телеграм-каналына сілтеме жасап.
Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен осындай шешім қабылданды.
9 қазаннан бастап орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталады. Бірінші кезекте жылу балабақшаларға, мектептерге және медициналық ұйымдарға беріледі.
Тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу 10 қазанда басталады. Жылу берілгеннен кейін КСК және МИБ мамандары үйлердің ішкі жылу жүйелерін реттейді: ауаны шығарып, қысымды реттейді және пәтерлердің біркелкі жылынуын қамтамасыз етеді.
Жылу желілерінде туындауы мүмкін мәселелерге жедел ден қою үшін қажетті материалдар мен жабдықтардың қоры жасақталды.
Жылу маусымына дайындық аясында қаланың жылу желілерінде 16 апаттық және жөндеу бригадасы кезекшілік атқарады. Олардың құрамында 220 маман бар, сондай-ақ 56 техника жұмылдырылады.

JQ-Aqparat

Сурет: jasqazaq.kz

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті