jasqazaq.kz

Алматыда Қазақ ұлттық университеті ғимаратының шатыры опырылды

24 қыркүйек, 12:46

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы ғимаратының шатыры құлаған деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кеше түнде орын алған, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ғимараттың нақты қандай себеппен құлағаны әзірге белгісіз. Бұған дейін нысан техникалық тексеруден өтіп, оны реконструкциялау мәселесі көтерілген.

ҚазҰУ баспасөз қызметінің мәліметінше, ғимараттың құрылысы 1985 жылы басталып, 1998 жылы аяқталған. 30 жылға жуық уақыт ішінде мұнда күрделі жөндеу немесе реконструкция жүргізілмеген. Соның салдарынан құрылымдар мен инженерлік жүйелердің тозуы байқалған.
Университет өкілдері Алматы мен оның маңында 2024 жылғы қаңтарда болған жер сілкіністері де тозған конструкцияларға қосымша әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Студенттер сарайы 1620 орынға есептелген, жалпы аумағы – 14 290 шаршы метр. Мұнда бұған дейін ғылыми конференциялар, концерттер, фестивальдер және университеттің ірі мерекелік шаралары өткен.
Оқиғаның нақты себебі анықталуда.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық