jasqazaq.kz

Алматыда инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелері талқыланды

15 қазан, 15:25

Бүгін Алматыда «Шекарасыз кітапханалар: халықаралық тәжірибе, практикалар және инновациялар» атты халықаралық семинар өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz. «Ақ таяқ» айлығы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясының кітапхана саласы мамандары қатысып, ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, инклюзивті орта қалыптастыру және кітапханаларға заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.
Салтанатты жиынның ашылуында Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының м.а. Ляззат Спатаева мен Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық арнайы кітапхана директорының м.а. Жамал Кенжебекова құттықтау сөз сөйледі.
Жиынға ұлттық, арнайы және көпшілік кітапханалардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми кітапханалардың өкілдері қатысты. Қатысушылар инклюзивті ақпараттық кеңістікті дамытудың халықаралық тәжірибесін таныстырып, кітапханаларда барлық оқырманға қолайлы жағдай қалыптастыру жолдарын қарастырды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының инклюзивті қызмет көрсету тәжірибесі, Тәжікстан мен Өзбекстанның ұлттық кітапханаларындағы көзі көрмейтін оқырмандармен жұмыс тәсілдері және Ресейдегі арнайы кітапханалар желісінің даму үрдістері таныстырылды. Сонымен қатар Қырғызстан мен Қазақстан өңірлерінің кітапханалық тәжірибелері талқыланды.
Семинардың маңызды бағыттарының бірі – цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кітапхана қызметіне енгізу болды. Қатысушылар заманауи технологиялардың көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтардың ақпарат алу мүмкіндіктерін кеңейтудегі рөлін талқылады.
Баяндамаларда инклюзивті білім беруді ақпараттық қамтамасыз ету, кітапханашылардың кәсіби құзыретін дамыту, әлеуметтік және мәдени оңалтудағы кітапханалардың орны, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен кітапханалар арасындағы ынтымақтастық мәселелері қамтылды.
Жиында кітапхананың тек кітап сақтайтын және оқырманға ұсынатын мекеме емес, әр адамның білім алуына, дамуына және мәдени өмірге қатысуына мүмкіндік беретін ашық қоғамдық кеңістік екені атап өтілді.

Динара Бүркітбекова

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді