jasqazaq.kz

Алматыда атасы немересін аяусыз ұрып-соққан (видео)

11 наурыз 2021, 16:42

Алматыда егде жастағы ер адам мектепте оқитын немересін ұрып-соққан. Болған жағдайдың видеосы Желіде жарияланды.

Видео кадрларынан қарияның төсекте жатқан баланы аяғымен теуіп, ұрып-соққанын көруге болады. Кішкентай бала бетін қолымен жауып, жан ұшыра көмекке шақырғаны көрінеді. Бірақ, ер адам ұрып-соғуын сонда да жалғастырады. Олардан бөлек жандарында жасөспірім мен кішкене бала бар.

Сондай-ақ, жанжалға әйел араласып, айғайламауды бұйырып жатқаны естіледі. Алайда кішкене бала жылауын тоқтатпай, жедел жәрдем шақыруды өтінеді. Видеода ол денесінің қанағанын және темірге қатты соғылғанын айтады.

Болып жатқан жағдайды видеоға түсіріп тұрғанын байқап қалмас үшін видео автор телефонды жасырып, басқа бөлмеге бірнеше рет барады.

Назар аударыңыз! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар!

Алматы полиция департаменті оқиға 15 ақпанда Түрксіб ауданында болғанын хабарлады. 32 жастағы баланың анасы тек 6 наурызда құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Полицейлер мәліметіне сүйенсек, әйел ажырасқаннан кейін үш баласымен ата-анасының үйінде тұрған.

«Ол өзінің әкесі 2011 жылғы кәмелетке толмаған ұлын ұрғанын айтты. Әйелдің ата-анасымен жанжалдасып қалғаны белгілі болды. Мекенжайға жедел-тергеу тобы: аудандық учаскелік инспекторлар және ювеналды полиция басқармасының әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі инспекторлары барды. Ер адам қалалық наркология диспансерінде мәжбүрлі емдеуден өтіп жүргені анықталды», — деп хабарлады Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ұрып-соғу дерегі бойынша ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі «ұрып-соғу немесе тән ауруына әкеп соққан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтірмейтін өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау» бойынша материалдар жиналды. Сондай-ақ, балаға келтірілген дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Оның нәтижелері бойынша баланың денсаулығына жеңіл зиян келген. Жиналған материалдар Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына тапсырылды. Жақын арада сот құқықбұзушыға қатысты шешім қабылдайды. Қазіргі уақытта әйел Алматы облысындағы туыстарымен бірге тұрады»,- деді Әзірбек.

Tengrinews.kz

Бүгін, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
Бүгін, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики