
Оқиға орнына Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары мен полиция қызметкерлері барды. Құтқарушылар жастармен кездесіп, оларды «Медеу» аумағына дейін қауіпсіз алып түсті.
Жастар медициналық көмекті қажет етпеді. Әрі қарай олар қалаға өз беттерімен аттанды.
ТЖМ ескертеді: тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райы жағдайын және күннің бату уақытын ескеріңіз. Туристік соқпақтардан шықпаңыз және өз күшіңізді дұрыс бағалаңыз.